ка

Алапат тасқын: 30 адам мерт болған

09.11.2018 19:02
0
6
Алапат тасқын: 30 адам мерт болған

Италия министрлер кеңесі толассыз жауған жаңбыр мен су тасқынынан зардап шеккен елдегі 20 облыстың 11-іне төтенше жағдай жариялады.

Аталып өтілгендей, төтенше жағдай 2 қазаннан бері табиғи апаттан зардап шеккен өңірлерге енгізілді. Атап айтқанда, Калабрия, Эмилии-Романье, Фриули-Венеция-Джулия, Лацио, Лигурия, Ломбардия, Сицилия және Сардиния аралдары, Тоскана, Венето және Трентино - Альто-Адиджада. Үкімет табиғи апаттың келтірген залалын жою үшін €53,5 млн бөлді. Тағы €200 млн таяу уақытта бөлінеді. Аймақ өкілдері бұл қаржының жетіспейтіндігін мәлімдеді. Инфрақұрылым және көлік министрі Данило Тонинеллидің алғашқы бағалауы бойынша, Апеннинамда келтірілген залал 3 млрд еуроны құрап отыр.

Табиғи апаттың салдарынан 30 адам мерт болған. Алапат дауылдан миллиондаған ағаш құлап, курорттар мен туристік порттар қираған.

Дереккөз: inform.kz

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий