Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған атышулы жол апатына қатысты істі тергеу аяқталды. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Олег Чернов мәлімдеді, - деп хабарлайды Kznews.kz.
Чернов мәліметтерді Instаgram парақшасында жариялады. Енді іс материалдары қарау үшін сотқа өткізілуі тиіс.
"Ертең соттар, азаматтарға кеңес беру, сосын Әл-Фарабидегі жол-көлік оқиғасы бойынша істі зерделеуге кірісеміз. Іс аяқталды", – деп жазды адвокат.
Алтыншы мамырда ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Tengrinews.kz-ке жол-көлік оқиғасын тергеу қорытынды кезеңге өткенін айтқан еді.
"Алматыдағы жол-көлік оқиғасы бойынша іс аяқталу сатысында. Жақын күндері материалдар жәбірленуші тарапқа, содан кейін күдікті мен оның қорғаушысына танысу үшін беріледі", – деді ол Мәжіліс кулуарында.
ПД басшысы орынбасарының жүргізушісіне қатысты іс не болды?
Бұған дейін біз негізгі іспен қатар полиция қызметкерінің әрекетсіздігіне байланысты екінші қылмыстық іс тергеліп жатқанын жазған болатынбыз.
Еске сала кетейік: 26 наурызда Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев Алматы Полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Ішкі істер министрлігі редакцияның сауалына тергеудің аяқталуға жақын екенін және іс жақын арада сотқа берілетінін хабарлады.
"Күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталу сатысында және жақын арада сотқа жолдау жоспарланып отыр", – деп хабарлады ведомство.
ІІМ "анықталған кемшіліктерге байланысты" келесі тұлғалардың қызметінен босатылғанын еске салды:
сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігіне жетекшілік ететін Алматы ПД бастығының орынбасары,
әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары