Танымал актриса, «Келінжан» сериалындағы Балқия рөлімен көпшілікке танылған Нұргүл Мыңғатова қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желіде қыз баланы дүниеге әкелгенін айтып, арнайы видео жариялаған. Оның сөзінше, отбасында көптен күткен сәби өмірге келген.
Актриса бұл жаңалықты қуанышпен жеткізіп, тұңғыш ұлына қарындас туғанын атап өтті. Сондай-ақ ол оқырмандарына алғысын білдіріп, ізгі тілектерін арнаған жандарға ризашылығын жеткізді.
Өнердегі әріптесі Дариға Бадықова да жылы лебізін білдіріп, актрисаны қуанышты сәтімен құттықтады.