Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Ақтөбедегі көпқабатты тұрғын үйде орналасқан дәмханадағы жаралыстан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды kznews.kz
Ресми мәліметтерге сәйкес, зардап шеккендер №1 қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді, онда оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Айта кетейік, 13 қарашада Тәуелсіздік, 14/1 мекенжайындағы үйдің дәмханасында газ-ауа қоспасы жарылған. Салдарынан жапсарлас құрылыс құлап, артынан өрт шықты, сондай-ақ тұрғын үйдің терезе конструкциялары зақымдалған.
"Оқиға орнына облыстық ТЖД күштері мен құралдары жетті. Сағат 10:53-те өрт толықтай сөндірілді", - деп хабарлады бұған дейін ТЖ департаменті.
Бұған дейін желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар тараған болатын: ғимарат үстінен көтерілген түтіннің алыстан байқалғанын көруге болады.
Оқиға орнына көптеген жедел жәрдем көлігі жиналды. Сондай-ақ кадрлардан ғимарат жанында тұрған, бүлінген жеңіл көлікті көруге болады.