Төрехан Сабырхан Қытай боксшысын 3 рет нокдаунға түсіріп, финалға өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Актер Олжас Абайдың белгісіз бойжеткенмен түскен суреттері желіде қызу талқыланды

Актер Олжас Абайдың белгісіз бойжеткенмен түскен суреттері желіде қызу талқыланды
instagram.com/ochooou_official. Суретте: Олжас Абай

Актер Олжас Абайдың жас бойжеткенмен бірге түскен суреттері әлеуметтік желіде тарап, қызу пікірталас тудырды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Threads платформасында жарияланған кадрларда актердің өзінен едәуір жас қызбен бірге жүргені байқалады. Суреттерде оның бойжеткенге ерекше ілтипат танытып, жақын қарым-қатынаста екені аңғарылады.

Желі қолданушылары бұл жағдайға байланысты түрлі пікір білдіруде. Бірі қыздың танымал әулеттен шыққанын айтып, актердің бұрынғы қарым-қатынасы жайлы да болжам жасауда. Ал енді бірі жас айырмашылығына назар аударып, түрлі сыни көзқарастарын білдірген.

Сонымен қатар кейбір пайдаланушылар тараған фото мен видеолардың шынайылығына күмән келтіріп, олар жасанды интеллект көмегімен жасалуы мүмкін екенін алға тартуда.

Өз кезегінде актердің жұбайы әлеуметтік желіде оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, жағдайға қатысты түсініктеме берген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер