KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің үстінен екі қылмыстық іс қозғалды

• Айжан Сыланова
Фото: ашық дереккөз

Блогер әрі актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы оның бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, экс-күйеуінің үстінен ресми арыз жазылған. Қазір оған Қазақстан Қылмыстық кодексінің 115-1-бабы («сталкинг») және 274-баптың 2-бөлігі 3-тармағы («көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша іс қозғалған.

Фариза Алмасқызы бұл істер бойынша адвокатымен бірге сотқа дейін барып, заң аясында соңына дейін күресетінін айтты. Әзірге құқық қорғау органдары ресми түсініктеме берген жоқ.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →