KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге сот үкімі шықты

• Қайсар Қанат
Нұрсұлтан Жақсыген. Фото: видеодан кадр

Іс Алматы облысының Қарасай аудандық сотында қаралған. Жақсыгенге Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы, яғни онлайн-платформаларды пайдаланып көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша айып тағылған.

Жәбірленуші Фариза Сабырәлиеваның адвокатының мәліметінше, сот актерді кінәлі деп таныған.

«Сот Нұрсұлтан Жақсыгенді кінәлі деп танып, оған 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтейді», – деп жазды адвокат.

Сонымен қатар сот жәбірленуші Фариза Сабырәлиеваның азаматтық талабын ішінара қанағаттандырған.

Сот шешіміне сәйкес, оның пайдасына 5 миллион теңге өндірілетін болды.

Үкім шыққаннан кейін Нұрсұлтан Жақсыген сот залында қамауға алынды.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →