KZNews.kz
Шоу-бизнес

Актер Мұрат Бисембиннің қызы әкесінің жағдайын айтып берді

Torgyn Abushakhman

Актер Мұрат Бисембиннің қызы әкесінің ауыр дертке шалдыққанын және оның қазіргі жағдайын баяндады, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол көпшілік «Әкеңіздің жағдайы қалай?» деп жиі сұрайтынын айтып, жағдайдың әртүрлі екенін жеткізді: кейде жақсарып, кейде нашарлайтынын, бірақ отбасы әрдайым позитив сақтауға тырысатынын айтты. Қыз өзінің парақшасында көбіне тек жақсы сәттерді көрсететінін, көп нәрсе кадр сыртында қалатынын атап өтті.

«Әкем — мен білетін ең мықты адамдардың бірі. Осы бір жарым жылда ол талай сынақтан өтті: ауруханадан ауруханаға, клиникадан клиникаға… Қайта қалпына келу, емдеу, химиятерапия. Қазір бізде тек сенім бар — әкемнің жағдайы жақсарып, ремиссияға шығатынына сенеміз», — деп жазды қызы.

Ол барлық жақындары мен жанкүйерлеріне қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары