Астанаға ұшып келген он адамнан 223 дана iPhone 18 тәркіленген
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтауда Назарбаев мектебінің оқушылары мұғалімді ішімдік ішті деп айыптады

Ақтауда Назарбаев мектебінің оқушылары мұғалімді ішімдік ішті деп айыптады
фото: ашық дереккөз

Видеода оқушылар мектеп қызметкерінен оқу орнына алкоголь ішіп келгені туралы сұрайды.

Ақтаудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қызметкеріне қатысты ішкі тексеру басталды. Бұған әлеуметтік желіде тараған бейнежазба себеп болған, деп хабарлайды kznews.kz

Ал, ер адам ішімдік қолданғанын жоққа шығармай, оқушылардан кешірім сұрайды.

Оқушылардың айтуынша, мұндай жағдай бұған дейін де болған. Сондай-ақ олар қызметкердің балалармен дөрекі сөйлескенін алға тартқан. Алайда бұл мәліметтер әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Мектеп директоры Ринат Жұмабаевтың айтуынша, қазір ішкі тергеу жүргізіліп жатыр.

— Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа байланысты мектепте ішкі тергеу жүріп жатыр. Келтірілген деректер тексерілуде. Тексеру нәтижесінде қызметкер тарапынан заңбұзушылық анықталса, Еңбек кодексіне сәйкес шара қолданылады. Тіпті, жұмыстан шығарылуы мүмкін, — дейді ол.

Оқиғаға қатысты Маңғыстау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті де ақпарат жинай бастаған. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Назарбаев Зияткерлік мектептері автономды білім беру ұйымы болғандықтан, оқу процесі мен ішкі бақылауды дербес жүзеге асырады.

Ведомство жағдай расталған жағдайда қызметкердің әрекетімен қатар, мектептегі ішкі бақылау мен оқушылардың қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың жұмысына да баға берілуі мүмкін екенін хабарлады. Қорытынды тек тексеру аяқталғаннан кейін жасалады.

Бұған дейін Ақтауда балықтан уланып, ауруханаға түскен 9 жастағы баланың туыстары көмек сұрағанын жазғанбыз.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.