Ақтауда Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметші Сержан Аяпбергенді ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды kznews.kz.
Сержан Аяпберген спортпен белсенді айналысқан. Ол самбодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанып, ТМД студенттері арасындағы жарыстарда да жүлделі орындарға ие болған. Сонымен қатар дзюдодан республикалық және халықаралық деңгейдегі бірқатар турнирге қатысқан.
Марқұмның жақындары мен туыстары оның елге оралуын асыға күткен. Қаза болған сарбазды соңғы сапарға шығарып салуға туған-туыстары, достары, спорттағы әріптестері және қала тұрғындары қатысты.
Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.