Каспидегі қайғылы жағдай: Прокурорлар оқиғаға қатысты алғашқы күдіктілерді анықтады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтауда Каспийдегі оқу-жаттығуда қаза тапқан сарбаз жер қойнына тапсырылды

Ақтауда Каспийдегі оқу-жаттығуда қаза тапқан сарбаз жер қойнына тапсырылды

Жас сарбаздың әскердегі мерзімін аяқтап, туған-туыстарына оралуына санаулы күн ғана қалған.

Ақтауда Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметші Сержан Аяпбергенді ақтық сапарға шығарып салды, деп хабарлайды kznews.kz.

Сержан Аяпберген спортпен белсенді айналысқан. Ол самбодан Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанып, ТМД студенттері арасындағы жарыстарда да жүлделі орындарға ие болған. Сонымен қатар дзюдодан республикалық және халықаралық деңгейдегі бірқатар турнирге қатысқан.

Марқұмның жақындары мен туыстары оның елге оралуын асыға күткен. Қаза болған сарбазды соңғы сапарға шығарып салуға туған-туыстары, достары, спорттағы әріптестері және қала тұрғындары қатысты.

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.