KZNEWS.KZ
Қоғам

Ақмола облысында полицейлер жоғалған 86 жастағы қарияны іздеп тапты

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Ақмола облысындағы Сандықтау ауданында тәртіп сақшылары із-түзсіз жоғалған 86 жастағы зейнеткерді жедел түрде тауып, туыстарына аман-есен қауыштырды, деп хабарлайды kznews.kz

Ақмола облысының Шантөбе кентінде жалғыз тұратын 86 жастағы Анатолий Захарович ВАЗ-2107 көлігімен жолға шыққан. Алайда жолда көлік тізгінге бағынбай, жол жиегіндегі жыраға түсіп кеткен. Қария көлікті өздігінен шығара алмаған.

Келесі күні зейнеткерден хабар болмаған соң туыстары алаңдап, полицияға жүгінген. Сандықтау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері дереу іздеу жұмыстарын бастады. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеп, қарияның жүрген бағытын анықтады.

Көп ұзамай полицейлер жыраға түсіп кеткен көлікті тауып, ішіндегі қарияны аман-есен құтқарды. Зейнеткердің немересі полиция қызметкерлеріне жедел әрекеті, жанашырлығы және көлікті эвакуациялауға көмектескені үшін алғыс білдірді.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →