KZNews.kz
Аймақ

«Семей» Чемпиондар лигасының элиталық кезеңіне шықты

KZNEWS
Фото: fcsemey.com

Қазақстандық «Семей» клубы UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі үшінші ойында Испанияның «Пальма» командасына есе жіберді.

Испаниялық клуб өткен маусымда бұл турнирдің жеңімпазы болған. Ертіс жағасынан барған семейліктерге бұл ойын оңайға соқпады. Қарсылас клуб біздің команда қақпасына 7 гол салды. Алайда Абай облысының клубы да қарап қалмай «Пальма» қақпасына 4 доп дарытып үлгерді. Жалпы есеп 4:7 есебімен аяқталды.

«Семей» өз тобында 3 ұпай еншілеп, үшінші орынмен элиталық кезеңге жолдама алды. Алдыңғы кездесуде семейлік клуб хорватиялық «Ново Вриемемен» кездесіп, 3:2 есебімен жеңсе, Португалияның «Спортингінен» 2:7 есебімен жеңіліп қалды.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары