Талғардың бұрынғы әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы қызметтен кеткеннен кейін такси жүргізушісі болып жұмыс істеп жүргенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Қазір ол жалға алған көлікпен жолаушы тасып, күнделікті табыс табуда. Оның сөзінше, үйде бос отыруды намыс көріп, кез келген еңбектен қашпайды. Күніне шамамен 18 500 теңге табуды жоспарлап, күндіз-түні жұмыс істейді.
Экс-әкім қызметтен өз еркімен, денсаулығына байланысты кеткенін жеткізді. Атасының қайтыс болуы мен жүрек мәселелері оған ауыр тиген. Сондай-ақ ол қызметін толық атқара алмағанын мойындады, бірақ бар күшін салғанын айтты. Мүмкіндік болса, мемлекеттік қызметке қайта оралуға дайын екенін де білдірді.
Еске салайық, ол әкім кезінде TikTok-та белсенді болып, қала мәселелерін көтерген. Кейін қызметтік міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін айыппұл алып, артынша қызметтен кеткен.