KZNews.kz
Жаңалықтар

"Әкесі инсульт орталығында жатыр": Әнші Еркін Нұржановтың отбасына қатысты тосын хабар тарады (ФОТО)

Қайсар Қанат

Танымал әнші Еркін Нұржановтың әкесі Шымкент қаласындағы №2 қалалық аурухананың инсульт орталығына түсіп, ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл туралы аталған медициналық мекеменің дәрігері Руслан Тастанбеков әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Еркін Нұржанов ағамыздың әкесі 2 қалалық аурухананың инсульт орталығына түскен еді. Қазіргі таңда жағдайы жақсарып келеді. Ағамыз алғысын білдіруде. Ата-аналарымыз аман болсын, ауырмасын!" – деп жазды дәрігер.

Желі қолданушылары да қарияға жылы лебіздерін білдіріп, тезірек сауығып кетуін тіледі. "Алла шипасын берсін", "Аман болсын", "Жақсы болып кетсін" деген тілектер көптеп жазылуда.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →