Жұманғарин әкімдерге наурыздың соңына дейін көкөністерді түгел сатуды тапсырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"16 жасымнан бері қол ұстасып келеміз": Әнші Еркін Нұржановтың әйелі жазба жариялады (ВИДЕО)

"16 жасымнан бері қол ұстасып келеміз": Әнші Еркін Нұржановтың әйелі жазба жариялады (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Танымал әнші Еркін Нұржанов әлеуметтік желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі оқырмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, дәл осы айда әке атанғанын жеткізді.

"Рамазан айы құтты болсын! Аллаға шүкір, шын асылға жеттік. Ей, жақсылар, сүйінші! Рамазанның алғашқы жұмасында қызды болдым", – деп жазды әнші.

Әншінің жары Динара да парақшасында жүрекжарды жазба қалдырып, "16 жасымнан бері қол ұстасып келе жатырмыз" деп бөлісті. Бұл сөз көпшіліктің ерекше ықыласына бөленді.

Айта кетейік, бұған дейін Еркін Нұржанов жеке өміріне қатысты қызықты дерек айтқан еді. Жұбайымен араларында 14 жас айырмашылық бар екенін жасырмаған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер