Ақмола облысында бөгет жарылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Әкеммен 15 жыл сөйлеспедім": Заманбек Нұрқаділовтің қызы ел естімеген жайтты айтты

"Әкеммен 15 жыл сөйлеспедім": Заманбек Нұрқаділовтің қызы ел естімеген жайтты айтты
ашық дереккөзден

Белгілі дизайнер Құралай Нұрқаділова берген сұхбатында көпшілік біле бермейтін отбасылық мәселелер туралы ашық айтып, қоғам назарын аударды, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі бұл туралы 2023 жылы "Bilgen durys" бағдарламасына берген сұхбатында бөліскен.

Оның айтуынша, арада қанша уақыт өтсе де, әкесі Заманбек Нұрқаділовтің екінші отбасымен қарым-қатынасы түзелмеген.

Сондай-ақ Құралай Нұрқаділова әкесімен ұзақ уақыт бойы араласпағанын да жасырмады. Оның сөзінше, олар шамамен 15 жыл байланыссыз болған.

"Мен әкеммен 15 жыл сөйлеспедім, анам да оны көрген жоқ. Әкемнің қазасы әлі күнге дейін жұмбақ. "Жаңа Қазақстан" құрылмайынша, шындық ашылмайды. Қазір әркім өз нұсқасын айтып жүр, бірақ нақты жауап жоқ", – деді Құралай Нұрқаділова.

Сұхбат барысында дизайнерге әкесінің жаназасына қатысты да сауал қойылған. Исламда суицид жасаған адамның жаназасы шығарылмайды деген пікірге байланысты ол өз көзқарасын білдіріп, бұл мәселеге қатысты ойын ашық жеткізді.

"Бұл мәселені имамдар өзара ақылдасты. Киіз үйде жиналып, шешім қабылдағанын білемін. Қоштасу рәсіміне көптеген белгілі тұлғалар келді. Бірақ жерлеуге анам екеуміз ғана бардық. Сол сәтте бізге әкеммен ұзақ қоштасуға мүмкіндік берілді", – деді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер