KZNews.kz
Жаңалықтар

"Әке сыйласа, Сағидай сыйласын": Асанәлі Әшімов марқұм баласына неге құдық қаздырған? (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
Arasha.kz коллажы

Айтыс өнерінің ардагері Айтақын Бұлғақов 2023 жылы "Алғашқы" бағдарламасына берген сұқбатында Асанәлі Әшімовтің ерекше қасиетін атап өтеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бағдарлама барысында Айтақын Бұлғақов марқұм Асанәлі Әшімов пен актердің баласы Сағи Әшімовтің қарым-қатынасы туралы әңгіме өрбітті.

"Бір жылдары Мұхтар Әуезов театрында айтыс болды. Сол айтысқа Асанәлі ағамыз келді. Аға бақылап жүреді екен. Айтыс біткеннен кейін мені өзінің кабинетіне кіріп кетсін деді. Кіріп едім, "фильм түсірейін деп жатырмын, келесің бе?" деп сұрады. "Келемін" дедім. Пробада 80-дей адам түстік. Сөйтіп, 80-нің ішінен іріктеліп кеттік қой. Аяғында "сіз өттіңіз" деп шақыру жіберді.

Асанәлі ағаның қасында екі жыл жүрдім ғой. Сол жылдары мен бір нәрсені түсіндім. Фильмге дайындық кезінде баласы Сағиға құдық қаздырды ғой. Ана Қарабайдың құдық қаздыратыны бар ғой... Құдық қазып, Сағи әкесіне бір ауыз сөз айтпады ғой. Мен қатты риза болдым. Әке сыйласа, Сағидай сыйласын деп ойладым. Сол кезде мен Асанәлі ағаның жұмысқа талапшылдығына таңғалдым", – деді Айтақын Бұлғақов.  

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары