Айжан Байзақова: Маған билік берсе елімізде есірткіні заңдастырар едім
Аман Тасыған жүргізетін «Талқылайық» бағдарламасына берген сұхбатында Айжан Байзақова есірткі шеккенін мойындады. Сондай-ақ ол қолына билік тисе есірткінің жеңіл түрлерін елімізде заңдастырар едім дейді.

Дереккөз: http://reactor.inform.kz

«Есірткі шегіп көрдім. Бірақ ол маған қол емес екенін біліп бас тарттым. Маған ішімдік жақын. Жүктілік кезінде ішімдіктен әрең бас тартуға тура келді. Бірақ шылымнан бас тарта алмадым»-деген жас ана қазір немен күн көріп отырғанын да айтты.
Инстажұлдыз жарнаманың арқасында қомақты қаражат табады екен. «Инстаграмдағы парақшамда жарнама беру бағасы 1-1,5 мың доллар, ал ток-шоуға түсу үшін 3-4 мың доллар, бейнебаяндарға түсу үшін одан да жоғары аламын»-дейді.
Дереккөз: Reactor