Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әйгілі Дәрібаевтар ансамблін құрған Ибрагим Дәрібаев дүниеден өтті

Әйгілі Дәрібаевтар ансамблін құрған Ибрагим Дәрібаев дүниеден өтті

90-жылдардың басында қазақ халқына кеңінен танылған Дәрібаевтар отбасының негізін қалаушы, сазгер Ибрагим Дәрібаев дүние салды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Қаралы хабарды белгілі композитор Бекжігіт Сердәлі жеткізді.

“Қазақ эстрадасында "Жас жұбайлар", "Аман бол", "Оқ сияқты", "Нұрлы арман", "Айтшы жаным", "Сендей болмайды", "Сүйгеніме" сияқты танымал әндерді алғаш кассетамен таратқан Дәрібаевтар отбасылық ансамблінің негізін қалаушы Ибрагим Дәрібаев дүние салды. Бақұл бол, бауырым! Асыл жары Әлияға, ұл-қыздарына қайғыра көңіл айтамыз”, – деп жазды Facebookпарақшасына.

Желі қолданушылары отбасы мүшелерінің қайғысына ортақ екенін жарыса жазып жатыр.

“Қазақ әнін көкке көтерген еді”, “Шын жақсы адам болатын”, “Иманды болсын!”, “Алла тағала рақымына бөлесін!”, “Нағыз аңыз адам”, – деп жазды көпшілік.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары