KZNEWS.KZ
Аймақ

"Айыппұл үшін "кек" алды" – 4 камераны сындырған түркістандықтарды басқа камераның көмегімен ұстады

• Асқар Алтайұлы
Фото видеобақылаудан алынды

Түркістанда айыппұлдарға наразылық білдіріп, бейнебақылау камераларын сындырған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды kznews.kz. Камераны сындырып жатқан күдіктілерді басқа камералар түсіріп алған.

Түркістан қаласында жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған айыппұлдарға наразы болған екі жас бейнебақылау камераларын бүлдіргені үшін қолға түсті.

Оқиға түнгі уақытта қала көшелерінің бірінде болған. Бетперде киген күдіктілер таяқтың көмегімен төрт камераны сындырған. Келтірілген материалдық шығын көлемі 700 мың теңгеден асады.

Күдіктілер басқа камералардың жазбалары арқылы анықталған. Полицейлер олардың қозғалыс бағытын бақылап, нәтижесінде ұстап, қамауға алған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →