Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем элитасына қайта оралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Айтбек Амангелді мен Аружан Бишімбаева арасындағы дау сотқа жетті

Айтбек Амангелді мен Аружан Бишімбаева арасындағы дау сотқа жетті
stan.kz

Астанада Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді мен Қуандық Бишімбаевтың әпкесі Аружан Бишімбаева арасындағы дауға байланысты сот ісі қаралып, талап арыз ішінара қанағаттандырылды. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Еске салсақ, 2024 жылдың мамырында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев азаматтық жұбайы Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты 24 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Алайда қайғылы оқиғадан кейін екі тараптың туыстары арасындағы пікірталас тоқтамаған.

Өткен жылдың күзінде Айтбек Амангелді "Ее звали Салтанат" атты естелік кітабын шығарған болатын. Кейін Аружан Бишімбаева әлеуметтік желіде бұл кітапқа қатысты сыни пікірлер жариялап, авторды трагедияны жеке пайда үшін пайдаланды деп айыптаған.

Ол Instagram парақшасында Айтбек Амангелдіге қатысты бірнеше ауыр мәлімдеме жасаған. Атап айтқанда, оны хайп қуып жүр, әлеуметтік желілерде боттарды қолданады және халықтың жанашырлығын қаржылық мақсатта пайдаланып отыр деп жазған.

Бұған жауап ретінде Айтбек Амангелді аталған жазбаларды нотариус арқылы рәсімдеп, сотқа жүгінген. Ол жарияланған ақпараттың жалған екенін және өзінің ар-намысына нұқсан келтіргенін мәлімдеді.

Іс аясында екі сараптамалық қорытынды ұсынылып, онда Бишімбаева жариялаған кейбір пікірлер талапкердің беделіне теріс әсер етуі мүмкін екені көрсетілген.

Ал жауапкер тарапы бұл жазбалар субъективті пікір мен бағалау сипатындағы көзқарас екенін айтып, оларды дәлелдеудің қажеті жоқ деп есептеген.

Сот барысында қосымша сараптама тағайындалып, нәтижесінде Аружан Бишімбаеваның кейбір мәлімдемелерінде нақты негативті мазмұн бар екені анықталған.

Нәтижесінде сот Instagram желісінде жарияланған бірнеше мәлімдемені шындыққа сәйкес келмейді деп танып, оларды теріске шығаруды міндеттеді.

Сондай-ақ сот шешімімен Аружан Бишімбаевадан сараптамалар мен өкілдік шығындары үшін жалпы сомасы 1 миллион теңгеден астам қаражат және моральдық зиян ретінде 100 теңге өндірілетін болды.

Айта кетейік, сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер