KZNews.kz
Қоғам

«Air Astana» басшысы Питер Фостер қызметінен кетеді

Ayzhan Sylanova
Фото: баспасөз мұрағатынан

Компанияның директорлар кеңесі Фостердің бас атқарушы директор және директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі аяқталатынын мәлімдеді. Дегенмен ол топпен байланысын үзбей, директорлар кеңесіне аға кеңесшіретінде қызметін жалғастырады.

Осы кезеңнен бастап қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел Air Astana компаниясының жаңа бас атқарушы директоры болып тағайындалады.

«Директорлар кеңесі Питер Фостерге 20 жыл бойы компанияны басқарғаны үшін шынайы алғыс білдіреді. Оның басшылығымен Air Astana Қазақстан мен Орталық Азияның жетекші әуе компаниясына айналып, әлемдік авиацияда өз орнын тапты. Сонымен қатар, біз Ибрахим Жанлыелдің жаңа қызметке тағайындалуын құптаймыз. Ол 2003 жылдан бері компанияда түрлі басшылық қызметтер атқарып, 2017 жылдан бастап қаржы жөніндегі атқарушы директор болды. Оның тәжірибесі мен еңбегі компанияның әрі қарай дамуына зор үлес қосатынына сенімдіміз», – деді директорлар кеңесінің төрағасы Нұрлан Жақұпов.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары