Air Astana әуе компаниясының бұрынғы президенті әрі бас атқарушы директоры болған Ұлыбритания азаматы Питер Фостер Қазақстандағы қызметін жалғастыратын болды.
Ол кешеден бастап Alatau Air Cargo компаниясының тәуелсіз директоры болып тағайындалды.
Жалпы, Питер Фостер Қазақстанның азаматтық авиация саласында 21 жылға жуық еңбек етіп, Air Astana компаниясының дамуына елеулі үлес қосты. Оның жетекшілігімен ұлттық тасымалдаушы халықаралық нарықтағы беделін нығайтып, маршруттық желісін кеңейтті.
Alatau Air Cargo, бұрын KTZ Air Cargo деп аталған компанияның негізгі акционерлерінің бірі кәсіпкер Тимур Турлов екен. Белгілісі, бұл компанияның жаңартылған стратегиясында Қазақстан арқылы Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік әуе жүк тасымалын дамытуға басымдық беріледі екен.
Компания дерегінше, бұл бастама еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттырып, Қазақстанның халықаралық авиациялық хаб ретіндегі рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.
Ал Питер Фостердің жаңа қызметі оның Қазақстанның авиация және көлік саласын дамытуға бағытталған жобаларға қатысуын жалғастыратынын көрсетеді-мыс.