Корпоративтік несие портфелі: шағын бизнес әлі де мемлекеттік қолдауға тәуелді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Айнымас темірқазығымыз": Тоқаев Абай күнімен құттықтады

"Айнымас темірқазығымыз": Тоқаев Абай күнімен құттықтады
Фото: aqorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Абай күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы құттықтауында Абай мұрасы қазақ халқының ғана емес, әлемдік мәдениеттің де маңызды бөлігі екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ұлы ақынның шығармалары мен қара сөздерінде көтерілген мәселелер бүгін де өз маңызын жоғалтқан жоқ.

- Абай ілімі – рухани шамшырағымыз, айнымас темірқазығымыз, – деді Президент.

Абайдың "Толық адам" идеясы, білім мен еңбекке шақырған ойлары, елдің кемшілігін ашық айтып, бейқамдық пен жалқаулықтан арылуға үндеген ұстанымы қазіргі қоғам үшін де өзекті.

Сондықтан Абай мұрасын тек өткеннің рухани қазынасы ретінде емес, бүгінгі қоғамдық өзгерістерге бағыт беретін құндылық ретінде қарастыруға болады.

Президент ұлы ойшылдың шығармашылық әрі зияткерлік мұрасы ұлттық мәдениеттің асыл қазынасы екенін атап өтті.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.