Мал басының көбеюі жем-шөп пен жайылым мәселесін де күн тәртібіне шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Айгүл Сайлыбаева ісі: күйеуі мен енесі Мәскеуде қолға түсті

Айгүл Сайлыбаева ісі: күйеуі мен енесі Мәскеуде қолға түсті
Фото: instagram.com/podslushano.de

Бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты басты күдіктілер саналатын жұбайы Александр Донцов пен енесі Наталья Донцова Мәскеуде қолға түсті. Бұған дейін олар халықаралық және мемлекетаралық іздеу жарияланған тұлғалар қатарында болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Германиядағы Елшілігі аталған іс бойынша Германияның Сыртқы істер министрлігі өкілдерімен тұрақты байланыс орнатып, кездесулер өткізіп келеді. Тергеу барысы екі елдің құзырлы органдарының бақылауында.

Қазақстанның Франкфурттағы Бас консулдығы қазіргі уақытта Гессен федералдық жерінің құзырлы органдарымен бірлесіп тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Newtimes басылымының ресми сауалына берілген жауапта айтылғандай, Ресей Сыртқы істер министрлігінің нотасы негізінде және Қазақстанның құзырлы органдары жолдаған экстрадициялық сұранысқа сәйкес Мәскеу қаласында Александр Донцов пен Наталья Донцова ұсталған. Операцияны Ресей ІІМ Мәскеу қаласы бойынша Бас басқармасының қылмыстық іздестіру қызметкерлері жүзеге асырған.

Бұған дейін аталған тұлғаларға Германияның құқық қорғау органдары халықаралық іздеу жарияласа, Қазақстан Ішкі істер министрлігі оларды мемлекетаралық іздеуге берген болатын.

Александр Донцов пен Наталья Донцова Ресей азаматтары болғандықтан, олар Қазақстанға экстрадицияланбайды. Бұл туралы қазақстандық тарапқа алдын ала хабарланған.

Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта Ресейдің құзырлы органдары Қазақстаннан Ресей аумағында қылмыстық іс қозғау жөніндегі ресми өтінішті күтуде. Сонымен қатар Бақытжан Сайлыбаевтың аталған тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы арызына байланысты Қазақстан елшілігі 2026 жылғы 5 мамырда Ресей тарапына ресми хат жолдаған.

Еске салсақ, Айгүл Сайлыбаева 2024 жылдың 3-4 маусымында із-түзсіз жоғалып кеткен. Ал 16 маусым күні оның пышақ жарақаттары салынған мәйіті қала маңынан пластикалық қапқа оралған күйде табылған.

Жақындарының айтуынша, Айгүл күйеуі мен енесі тарапынан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Ол бұл туралы құрбыларына айтып, денесіндегі жарақаттардың фотосуреттерін жіберіп отырған.

Германияның құқық қорғау органдары істегі басты күдікті ретінде Александр Донцовтың анасы Наталья Донцованы қарастырып отыр. Тергеу дерегінше, ол Айгүл жоғалған күні Германиядан ұшып кеткен.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі