«Ажал аранына» айналған теміржол: Жұмысшы өмірінің құны қанша?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Айбек Дәдебай енді немен айналысатыны белгілі болды

Айбек Дәдебай енді немен айналысатыны белгілі болды
Ақорда. Суретте: Айбек Дәдебай

Қазақстанда кадрлық өзгерістерге байланысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Бұған дейін Президент Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған Айбек Дәдебай алдағы уақытта қоғамдық-саяси бағытта жұмыс істемек, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияр мәлімдеді. 

"Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Президент әкімшілігінің басшысы қызметін атқарып келген Айбек Дәдебайдың жұмысына жоғары баға беріп, зор ризашылығын білдірді. Таяу уақытта елімізде ауқымды саяси науқан өтетіні белгілі. Осындай сындарлы сәтте Айбек Арқабайұлы Мемлекет басшысының арнайы тапсырмасы бойынша қоғамдық-саяси жұмыспен айналысады", – деп жазылған хабарламада.

Осы өзгерістер аясында Президент Әкімшілігінің жаңа басшысы да тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен бұл қызметке Роман Скляр келді. Ол бұған дейін Үкімет құрамында жауапты лауазымдарды атқарған тәжірибелі мемлекеттік қызметкер ретінде белгілі.

Роман Скляр 2019 жылдан бастап Премьер-Министрдің орынбасары қызметін атқарып, 2022 жылдан бері бірінші орынбасар лауазымында жұмыс істеген. Оның жаңа қызметке тағайындалуы мемлекеттік басқару жүйесіндегі сабақтастық пен тәжірибенің жалғасуын көрсетеді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер