KZNEWS.KZ
Әлем

Адамдар дүрбелеңде, қаза тапқандар бар: Қытайдағы жойқын жер сілкінісі видеоға түсіп қалды

• Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Қытайдың Тибет автономиялық ауданында болған магнитудасы 7,1-ге тең жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 16 адам қаза тауып, 32 адам жарақат алды, деп хабарлайды kznews.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Қытайдың Сицзан (Тибет автономиялық ауданы - ред. ескертпесі.) өңірінде болған жер сілкінісінен 16 адам қаза тауып, 32-сі жарақат алды", - делінген басылымда.

Бейнебақылау камералары жерасты дүмпуі сәтін түсіріп алған: Euronews жариялаған кадрлардан адамдардың сілкіністен аман қалу үшін ғимараттардан қалай қашып шыққанын көруге болады.

Қытайдың жер сілкінісі жөніндегі басқармасы екінші деңгейлі төтенше әрекет ету режимін жариялады, содан кейін іздестіру-құтқару жұмыстары басталды. Лхаса мобильді өрт сөндіру-құтқару отрядының Нагчу батальоны тірі адамдарды анықтайтын құралдармен және арнайы құтқару жабдықтарымен жарақталған жеті өртсөндірушіден тұратын алдыңғы топты жіберді.

Бейнежазбаларда шұғыл қызметтердің аттануға дайындалып жатқаны, ал көліктердің зардап шеккен ауданға бет алғаны көрінеді. Топтар жағдайды бағалау және жер сілкінісінен кейін құтқару операцияларын жүргізу үшін жіберілді. Кейінірек жергілікті билік зардап шеккендер мен қаза тапқандар бар екенін хабарлады. Шенеуніктер эпицентр айналасындағы ауылдардағы қирауларды тексеріп жатыр.

Еске сала кетейік, қазақстандық сейсмологтар бейсенбіде кешке Қытайда болған бірқатар жер сілкінісін тіркеді.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →