Филиппиннің оңтүстігіндегі Минданао аймағында магнитудасы 7,8 қуатты жер сілкінісі болды. Әлеуметтік желіде жер асты дүмпуінің салдары жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жер сілкінісінің ошағы Минданао аралының ең оңтүстігіндегі Сарангани провинциясына қарасты Генерал-Сантос қаласының жағалауында орналасқан.
Цунами қаупіне байланысты ескерту жарияланып, жағалау маңындағы аудандардың тұрғындарына эвакуациялану туралы үндеу жасалды. Көршілес Индонезия мен Жапонияда да цунами туралы ескерту жарияланды.
Генерал-Сантос қаласында да нысандар қираған.
Филиппин президенті Фердинанд Ромуальдес Маркос барлық тиісті мемлекеттік органдарға тұрғындарды эвакуациялау және құтқару жұмыстарын дереу бастау жөнінде тапсырма берген.
"Цунами туралы ескертуге құлақ асыңыздар. Дереу биік жерлерге шығыңыздар. Күтпеңіздер. Артта қалдыратын кез келген дүниеден сіздердің өмірлеріңіз маңызды", – деп үндеу жасады Фердинанд Ромуальдес Маркос.
Полицияның мәліметінше, әзірге қаза тапқандар немесе зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Дегенмен тәртіп сақшылары адамдардың қаза табуы немесе жарақат алуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Сондай-ақ полиция кейбір тұрғындардың қатты қорыққаннан есінен танып қалғанын хабарлады.