Продюсер Бағым Мақсатқызы әнші Мөлдір Әуелбекованың әлеуметтік желідегі жауабына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.
Бағым Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында әншіге үндеу жасап, оның өнер жолындағы алғашқы кезеңдеріне қатысты бірқатар мәселені еске салды.
«Қазақ сахнасына есік ашып бергенімді ұмытып, “бәріне өз күшіммен жеттім” деуің дұрыс па? Адал асымды ішіп, шаңырағымда тұрып, бетіме күліп, артымнан сатқындық жасағаның дұрыс па?» – деп жазды продюсер.
Сондай-ақ ол Мөлдір Әуелбековаға өзіне қатысты пікір айтпауын ескертіп, көп жыл бойы кей мәселелерді іште сақтап келгенін жеткізді.
«Ендігәрі біз жаққа қарап сөйлеме. Сонда мен де жұмған аузымды ашпаймын», – деді Бағым Мақсатқызы.
Продюсер жазбасында әншінің елге танылуына ықпал еткен әндердің бірі әлі күнге дейін оған табыс әкеліп отырғанын айтып, Мөлдірге өткенін ұмытпауға шақырды.