Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Абай Тасболатов өмірбаяны

Абай Тасболатов өмірбаяны

ТАСБОЛАТОВ Абай Бөлекбайұлы - Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі 1951 жылғы 21 қыркүйекте Солтүстік-Қазақстан облысы Ленин ауданының Николаевка селосында туған. Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищені, М.В. Фрунзе атындағы Әскери академиясын, Ресей Федерациясының Бас штабы Әскери академиясының Жоғары академиялық курсын бітірген. Әскери атағы-генерал-лейтенант. Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Ресей Федерациясы Әскери ғылымдар академиясының толық мүшесі. 

1969-1973 жж. - Ташкент және Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищелерінің курсанты. 

1973-1975 жж. - Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің взвод командирі. 

1975-1980 жж. - Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің рота командирі. 

1980-1983 жж. - М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияның тыңдаушысы. 

1983-1986 жж. - Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің тактика пәнінің мұғалімі. 

1986-1990 жж. – Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі курсанттары батальонының командирі. 

1990-1991 жж.- Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі жанындағы запастағы және кадрлық офицерлерді дайындау бөлімшесінің бастығы. 

1991-1992 жж. - Мемлекеттік қорғаныс комитеті жанындағы жоғары оқу орындары және әскери емес штаб дайындығы бөлімінің бастығы. 

1992-1997жж. - Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищенің бастығы. 

1997-2002 жж. – Әскери академияның бастығы. 

2002- 2006 жж. – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары. 

2006 – 2011 жж. – Республикалық ұланның қолбасшысы. 

2012-2015 жылдан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық- Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған. 

«Даңқ» - І дәрежелі, «Даңқ»- ІІ дәрежелі, «За службу Родине в Вооруженных Силах СССР» - ІІІ дәрежелі ордендерімен және «За боевые заслуги» медалімен марапатталған. 

Үйленген, екі баласы, немерелері бар.

Автор
Арман