KZNews.kz
Қоғам

Абай облысында жарыс кезінде автокөлік Ертіс өзеніне құлап кетті (видео)

KZNEWS

Бүгін сағат 06:00 шамасында Абай облысындағы Полковничий аралында жарысып келе жатқан автокөлік Ертіс өзеніне құлап кетті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Оқиға 5 қаңтар күні таңертең Полковничий аралындағы Орлиное гнездо ауданында болды. Жарысып келе жатқан автокөлік Ертіс өзеніне құлап кетті. Алдын ала болжам бойынша, көлік ішінде төрт адам болған.

“Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.

Полиция оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары