Әлеуметтік картина - 2025: өсім баяу, көңіл қаяу...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Абай облысында бес күн далада жатқан малшы аман құтқарылды

Абай облысында бес күн далада жатқан малшы аман құтқарылды
Фото: Бейнежазбадан кескін

Абай облысының Абай ауданында мал іздеп шығып, бес күн бойы хабарсыз кеткен 56 жастағы ер адамды құтқарушылар таңертең даладан тауып алды. Аяғын сындырып алған малшы осы уақыт бойы жалғыз қалып, қар жеп жан сақтаған, деп хабарлайды kznews.kz.

Құтқару қызметіне ер адамның жоғалғаны туралы хабар кеше түнде түскен. Белгілі болғандай, 17 наурыз күні 1969 жылы туған азамат Абай ауданындағы шаруа қожалығынан атпен мал іздеуге шығып, содан қайта оралмаған. Оның нақты қайда кеткені белгісіз болып, ұялы телефоны да сөндірулі болған.

Осыдан кейін іздеу жұмыстары бірден күшейтілді. Оған ТЖМ қызметкерлері, полиция өкілдері және туыстары жұмылдырылып, жоғары өтімді техникалар пайдаланылған.

Бүгін таңертең іздеу тобы жоғалған азаматты ашық дала арасынан тапты. Құтқарушылар оған дереу ыстық шай беріп, жараланған аяғына алғашқы көмек көрсеткен. Кейін медициналық тексеруден өткізу үшін Ақшоқы ауылына жеткізілді.

Алдын ала мәліметке қарағанда, малшы бес күн бұрын далада жатқан атты көріп қалған. Жануарды орнынан тұрғызуға көмектеспек болған сәтте аттың астында қалып, аяғын сындырып алған. Соның салдарынан көлігінен де, бағытынан да жаңылып, иен далада жалғыз қалған.

Ол осы бірнеше күн бойы қиын жағдайда тіршілік етуге мәжбүр болған. Мәліметке сүйенсек, ер адам жан сақтау үшін қар жеп күн көрген.

Төтенше жағдайлар министрлігі алыс аймаққа шығатын азаматтарға сақ болуды ескертті. Мамандар мұндай сапарға жалғыз шықпау, міндетті түрде байланыс құралын алып жүру және қай бағытқа баратыныңды алдын ала жақындарыңа ескертіп кету қажет екенін айтты.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер