Жаңа тәртіп бойынша сабақ кезінде телефон пайдалануға тыйым салынады. Алайда бірнеше ерекшелік қарастырылған, деп хабарлайды kznews.kz.
Оқушы смартфонды мұғалімнің нұсқауымен оқу тапсырмасын орындау үшін, өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда немесе медициналық көрсетілім бойынша пайдалана алады.
Сабақ басталар алдында оқушылар телефондарын дыбыссыз режимге ауыстыруға немесе өшіруге тиіс. Мектеп әкімшілігі құрылғыларды сақтауға арналған арнайы орындарды да белгілей алады. Ал сабақ кезінде фото, аудио және видео түсіруге тек мұғалімнің нұсқауымен рұқсат етіледі.
Осылайша, смартфондарды мектепте пайдалануға толық тыйым салынбайды. Бірақ сабақ уақытында оларды қолдану нақты жағдайлармен шектеліп, педагогтің бақылауында болады.