75 мың білім гранты кімдерге бұйырады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

75 мың білім гранты кімдерге бұйырады?

75 мың білім гранты кімдерге бұйырады?
Фото: ашық дереккөздерден

Бүгін 2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері белгілі болады.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, гранттар конкурсының қорытындылары республикалық комиссияның отырысында бекітілген. Енді грант иегерлерінің толық тізімі министрліктің ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.

Жалпы, биыл мемлекеттік гранттарға 127 мың талапкер өтініш берген. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 75 мың білім гранты бөлінді. ҰБТ-ға 233 мың талапкер қатысып, олардың 76 пайызы шекті балды еңсерді.

Бөлінген гранттардың 60 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтарға, 20 пайызы педагогикалық бағыттарға, қалған 20 пайызы өзге білім беру бағдарламаларына қарастырылған.

Министрлік талапкерлерге гранттар конкурсының қорытындысын ресми ақпарат көздері арқылы тексеруді ұсынады.

Автор
Гүлжан Амангелдіқызы

журналист-жазушы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. «Арай +» телеарнасында, «Қазақстан - Атырау» телеарнасында редактор, «Жетісу Университеті», «Нұрлы өлке» газеттерінде тілші және Baq.kz, Inbusiness.kz, El.kz ақпараттық порталдарында фрилансер болған.