KZNews.kz
Қоғам

"7 рет пышақтаған": Қызы мен анасын сыммен қылғындырып, пышақтап, айуандықпен өлтірген

Айжан Сыланова

Марқұмдардың бірі — 1966 жылы туған әйел, ол қалалық әкімдікте есепші қызметін атқарған. Тергеу мәліметінше, күдікті оның мойын тұсына жеті рет пышақ сұққан.

Қаза болған екінші адам — Астанадағы халықаралық колледждің 2-курс студенті, марқұмның қызы. Ол жатын бөлмеден табылып, мойнында жарақат іздері болған. Тергеушілер оның сыммен қылғындырылған болуы мүмкін екенін болжауда.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, жедел іздестіру шарасы кезінде полицейлер күдіктіні дереу ұстады. Ол жауап алу барысында қылмысын мойындады және қазір уақытша ұстау изоляторында.

«Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысы облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», — деді ведомство бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →