KZNEWS.KZ
Қоғам

65 жастағы қазақстандық арманын орындау үшін Меккеге велосипедпен барып келді

• Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөз

Жәрдем Атауов төрт айға жуық уақытын жолда өткізген, деп хабарлайды kznews.kz Almaty.tv арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

65 жастағы саяхатшы Жәрдем Атауов осындай ұзақ сапарды еңсерген. Орал тұрғыны велосипедпен 6 700 шақырым жол жүріп өткен.

Белгілі болғандай, қажылыққа бару оның көптен бергі арманы болған. Алайда ұзақ сапарға аттанбас бұрын Жәрдем Атауов толық медициналық тексеруден өтіп, бірнеше ай бойы тыңғылықты жаттыққан.

Ол велосипедпен сапарға шыққан әр күнін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап отырған. Ал туған жеріне оралған күні оны туыстары мен достары салтанатты түрде қарсы алды.

Еске салсақ, Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берген еді. 

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →