Өнер иесінің айтуынша, әлгі азаматты көргенде марқұм күйеуінің жастық шағы есіне түскен. Әсіресе Заманбек Нұрқаділовтің 50 жас шамасындағы бейнесі көз алдына келген.
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске түсірген әсерлі жазбасымен бөлісті. Әнші жақында жолдасына қатты ұқсайтын Аман есімді азаматпен кездесіп қалғанын айтып, сол сәтте өткен күндер көз алдына оралғанын жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.
«Зәкеңе ұқсайтын Аман бауырыммен кездесіп қалдық. Зәкеңнің 50 жасы көзіме елестеп кетті», – деп жазды әнші.
Мақпал Жүнісованың бұл жазбасы оқырмандарға да әсер етті. Желі қолданушылары әншінің сағынышын түсінетіндерін айтып, жылы лебіздерін білдірді. Көпшілік марқұм Заманбек Нұрқаділовтің жарқын бейнесі мен елге сіңірген еңбегін еске алды.
Айта кетейік, Заманбек Нұрқаділов 2005 жылы өмірден өткен. Содан бері Мақпал Жүнісова марқұм жұбайын сағынышпен еске алып, отбасылық естеліктерімен бөлісіп келеді.