Қазақстанның халық әртісі Тамара Асар 50 жасқа толуына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан арнайы құттықтау хат алғанын хабарлады, деп жазады kznews.kz.
Әнші қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, Президентке көрсеткен құрметі үшін алғыс білдірді.
Тамара Асардың айтуынша, Мемлекет басшысының құттықтау хатын Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов табыстаған.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан туған күніме, мерейлі жасыма арналған арнайы құттықтау хат алдым. Құттықтау хатын Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов табыстады. Бұл мен үшін өте ерекше құрмет болды", – деп жазды өнер иесі.
Айта кетейік, Тамара Асар 16 шілдеде 50 жасқа толды. Жақында әншінің депутаттыққа кандидат ретінде тіркелгені де хабарланған болатын.