Отардағы сарбазды ұрып-соққаны үшін әскери бөлімшенің төрт қызметшісі жұмыстан босатылды, деп хабарлайды kznews.kz Письма Президента телеграм арнасына сілтеме жасап.
Олардың бірі өзінің кінәсіз екенін айтып, бұл істен шығару үшін одан бес миллион теңге көлемінде ақша сұрағанына шағымданды. Бұл жағдаймен қатар тағы бір ата-ана ұлының казармада жоқ екенін айтуда.
Айта кетейік, Жамбыл облысындағы Гвардейск гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде сарбаз Есбол Қапардың жағы сынған еді. Оны жасыру мақсатта сарбазды бөлек пәтерге де жасырып қойған.