KZNews.kz
Қаржы

46 жалған диплом мен 20 интернет ресурс анықталды: Дипломдар енді QR код пен бірегей нөмір арқылы тексеріледі

Жарқын Омаров
Фото: liter.kz

Құжаттардың заңсыз айналымының алдын алу мақсатында Ғылым және жоғары білім министрлігі 1991 жылдан бері берілген дипломдардың деректер базасын құрды, деп хабарлайды kznews.kz.

Министрлік білім беру туралы құжаттардың өзіндік үлгісінің мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды, сондай-ақ жоғары оқу орындары түлектеріне арналған осындай құжаттардың серияларын бекітті.

Дипломдар арнайы модуль арқылы бірегей нөмірлер мен QR кодтар беру жолымен белгіленеді. Жүйеге қол жеткізу құқығы осы модульде тіркелген, ресми түрде жауапты университет қызметкерлеріне ғана беріледі.

Дипломдарды генерациялау "Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы" (ЖББП) ақпарат жүйесіндегі білім алушылар туралы деректер негізінде жүзеге асады. Егер білім алушы туралы ақпарат ЖББП-да болмаса, диплом нөмірін қалыптастыру мүмкін емес.

Өзіндік үлгідегі білім туралы құжаттарда генерацияланған бірегей нөмір мен QR код болмаған жағдайда мұндай құжаттар жарамсыз деп танылады.

Сонымен қатар Мәдениет және ақпарат министрлігі және Ішкі істер министрлігі жалған дипломдарды дайындау және сату фактілерін тұрақты түрде бақылап, тоқтатып отырады. Қылмыстық кодекстің 385-бабына сәйкес, жалған құжаттарды жасау немесе қолдану айыппұл салуға, түзеу жұмыстарына немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу не айыруға әкеп соғады.

Бүгінде 46 жалған диплом және оларды заңсыз дайындаумен айналысқан 20 интернет ресурс анықталды. Материалдар ІІМ мен МАМ-ға жолданды.

Қазақстанда жалған диплом сатып алуға бола ма – Министрлік жауап берді

Қазақстанда дипломдық және диссертациялық қызметтерді жарнамалауға тыйым салынады

Сонымен қатар жоғары оқу орындары деректерді цифрландыру жұмысын жалғастырады, ал жұмыс берушілер дипломның түпнұсқалығын https://epvo.kz сервисі арқылы тексере алады. Дипломның электронды нұсқасы электронды үкіметтің ("Цифрлық құжаттар") мобильді қосымшасында да қолжетімді.

“Жалған дипломдарды жасау немесе пайдалану заңмен қатаң жазаланатынын ескертеміз”, – делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.

Жарқын Омаров
Автордың басқа материалдары