Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

46 млрд теңге пайда көрген: Маңғыстауда жалған стоматологиялық клиникалардың иелері іздестірілуде

46 млрд теңге пайда көрген: Маңғыстауда жалған стоматологиялық клиникалардың иелері іздестірілуде
ҚМА

Қазақстанның Қаржы мониторингі агенттігі жалған стоматологиялық клиникалардың иелерін іздестіруде. Олардың бірі бұған дейін құқық қорғау органдарында жұмыс істеген. Күдіктілер жалған медициналық құжаттарды рәсімдеді деген айып тағылып отыр. Келтірілген шығын көлемі ондаған миллиард теңгеге бағалануда.

Агенттіктің мәліметінше, іздестіріліп жатқан азаматтар:

  • Дүйсенов Аслан Қамбарұлы, 01.04.1992 ж.т.;

  • Ғаббас Имамбев, 18.05.1998 ж.т.;

  • Елешев Есімхан Баяндіұлы, 11.09.1987 ж.т.

Олар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) 46 миллиард теңгеден астам қаржыны жалған стоматологиялық қызмет көрсету арқылы заңсыз шығарды деген күдікке ілінді. Тергеу дерегінше, күдіктілер Ақтау мен Атыраудағы жеті стоматологиялық клиниканы пайдаланған. Бұл клиникалар іс жүзінде медициналық қызмет көрсетпеген.

Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Белгілі болғандай, күдіктілердің бірі – Аслан Дүйсенов – бұрын полиция қызметкері болған. Ол қызметінен теріс себептермен босатылған. 2016 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге жеткізу») және 362-бабы («Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану») бойынша ауыр қылмыстар жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Кімде-кім олардың қайда екені туралы ақпарат білсе, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің кезекші бөліміне +7 (7172) 70-84-78 телефоны арқылы немесе 1458 call-center-іне хабарласуға шақырылады.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.