KZNEWS.KZ
Қаржы

“4 бургер 200.000 теңге”: Бурабай мейрамханаларындағы тамақ бағалары жұртты шошытты

• Айжан Сыланова
Коллаж smartnews.kz

Бурабайдағы мейрамханалардың біріндегі бағалар әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Төрт қыздың түскі асқа төлеген 199 045 теңгелік чегі жарияланып, көпшіліктің таңданысын тудырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Чекке қарағанда, тапсырыс құрамында қымбат деликатестер болмаған, негізінен бургерлер, жеңіл тағамдар мен сусындар алынған. Желі қолданушылары мұндай мәзірдің құны басқа орындарда әлдеқайда арзан болатынын айтып, ішкі туризмдегі бағаның жоғары екенін сынға алды.

Кейбір пікір иелері мұндай қаржыға шетелде демалуға болатынын жазса, енді бірі әр мейрамхананың өз баға саясатын жүргізуге құқығы бар екенін атап өтті. Оқиға Қазақстандағы туристік аймақтардағы қызмет құны мен оның қолжетімділігі мәселесін қайта көтерді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →