Жаңалықтар

"36 жасымда өлемін": Марқұм қазақ әншісінің ешкім көрмеген сұхбаты тарап кетті (ВИДЕО)

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
"36 жасымда өлемін": Марқұм қазақ әншісінің ешкім көрмеген сұхбаты тарап кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

2023 жылдың 24 ақпанында Darkhan Juzz есімімен танылған қазақстандық музыкант Дархан Жүнісбеков Таиландта жол апатынан қаза тапқан еді. Желіде әншінің тірі кезінде берген, өз өлімі жайлы айтқан сұхбаты қайта таралып, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Сұхбат барысында музыкант болашағына қатысты ерекше ойымен бөліскен.

"Мен өзімді 36-37 жасқа дейін ғана өмір сүретіндей елестететінмін. Бір қайғылы жағдайдан көз жұматын сияқтымын. Әуелі танымал боламын, сахнада жарқыраймын, содан кейін ғайып боламын деп ойлайтынмын. Бірақ уақыт өте келе бұл ойымнан бас тарттым. Бақытты өмір сүргім келді. Қартайып, немерелерімді көргім келді, жарқын болашаққа сенгім келді", – деген еді ол.

Бұл бейнежазба жарияланғаннан кейін желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. Кейбірі әншінің сөзін алдын ала сезіну деп бағаласа, енді бірі тағдырдың тылсымына балаған.

"Бәрін жүрегімен сезген екен", "Ерте кетті", "Тірі болғанда талай биікті бағындырар еді", "Жақсы сөз айтып жүру керек деген осы", – деп жазды жанкүйерлері.

Еске салайық, Darkhan Juzz 33 жасында Таиландта жол апатынан көз жұмды. Кейін Алматыда жүздеген адам Арбатта жиналып, гүл мен шам ұстап, оның әндерін орындап, марқұмның рухына тағзым еткен еді. Дарханның ең танымал әндерінің бірі – Erikpe әні. Қазіргі таңда бұл әнді YENLIK тамылжыта орындап жүр.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz