"Жақында бәрі өзгереді": Назарбаевтың жиен немересі шұғыл үндеу жасады (ФОТО)
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

33 миллионға салынған нысан: 11 жастағы бүлдіршіннің ойын алаңында аяғына темір кіріп кеткен

33 миллионға салынған нысан: 11 жастағы бүлдіршіннің ойын алаңында аяғына темір кіріп кеткен
Фото: shutterstock

Ақтөбе маңындағы Кеңес Нокин тұрғын алабында 11 жастағы Әмір ойын алаңындағы шығып тұрған темірге шаншылып, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Жасөспірімге шұғыл ота жасалып, дәрігерлер оның аман қалғанын үлкен сәттілік деп бағалады. Мамандардың айтуынша, темір негізгі қан тамырына тигенде жағдай әлдеқайда ауыр болуы мүмкін еді.

Оқиға «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 33 миллион теңгеге салынған балалар алаңында болған. Кейін нысан сапасыз деп танылып, әкімдік балансына қабылданбағаны анықталды. Қазір әкімдік пен мердігер компания екі жылдан бері соттасып жатыр.

Зардап шеккен баланың туыстары алаңның қараусыз қалғанына наразы. Олардың айтуынша, жаз бойы бұл жерде балалар ойнайды, алайда қауіпсіздік талаптары сақталмаған.

Әкімдік өкілдері іс Жоғарғы сотта қаралып жатқанын мәлімдеді. Енді сот нысанды толық бұзу немесе мердігер есебінен қайта жөндеу мәселесін шешуі тиіс.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.