Импорт иірімі: отандық нарықта Ресей мен Қытайға тәуелділік артты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

3,2 млн бала жазғы демалыспен қамтылды: жасөспірімдердің қауіпсіздігіне кім жауапты?

3,2 млн бала жазғы демалыспен қамтылды: жасөспірімдердің қауіпсіздігіне кім жауапты?
Фото: ашық дереккөздерден

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл жазғы демалыс кезінде еліміз бойынша 10,8 мыңнан астам ұйым жұмыс істеп, оқушылардың демалысын қамтамасыз еткен.

Дерекке қарасақ, қазірге дейін 3,2 миллионнан астам бала жазғы демалыспен қамтылған көрінеді. Оның ішінде 176 жыл бойы жұмыс істейтін және маусымдық қызмет көрсететін сауықтыру орталықтарында 116 мыңнан астам бала тынығып, денсаулығын жақсартқан. Ал 3,1 миллионнан астам оқушы мектеп жанындағы лагерьлер мен қосымша білім беру ұйымдарындағы демалыс бағдарламаларына қатысқан екен.

Осылайша, биыл жазғы демалыс кезінде 3,2 миллионнан астам бала түрлі сауықтыру және демалыс орындарымен қамтылып отыр. Алайда, балалардың қауіпсіздігі әлі де өткір күйінде қалып отырғанын жасыруға болмайды. Әсіресе, шомылу маусымы басталғалы су айдындарында қаза болған балалардың саны артып отыр.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жазғы маусым басталғалы өзен-көлдерде 69 бала суға кеткен. Қайғылы жағдайлардың басым бөлігі ата-ананың бақылауынсыз қалу және жабдықталмаған жерлерде шомылумен байланысты дейді құзырлы орган.

Ал жол-көлік оқиғалары да балалар өміріне төнген негізгі қауіп-қатердің бірі болып қала береді. Биылғы жағдай туралы айтуға әлі ерте болар, бірақ, өкен жылдың жазғы маусымындағы деректер жаға ұстатарлықтай екен. Жалпы статистика бойынша 2025 жылы ел ішіндегі жол-көлік оқиғаларынан 12 407 бала зардап шегіп, 285 жасөспірім өмірмен қоштасыпты.

Демек, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы есеп берудің астарында үлкен мәселелерді қозғайтын себеп пен салдар жатқанын естен шығармау керек сияқты...

Автор
Гүлжан Амангелдіқызы

журналист-жазушы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. «Арай +» телеарнасында, «Қазақстан - Атырау» телеарнасында редактор, «Жетісу Университеті», «Нұрлы өлке» газеттерінде тілші және Baq.kz, Inbusiness.kz, El.kz ақпараттық порталдарында фрилансер болған.