KZNews.kz
Жаңалықтар

"3 сынып оқып, тұрмысқа беріп жіберген": Белгілі журналист сұмдық жағдайдың бетін ашты (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
Alash.kz коллажы

Алматы облысында тұратын бір отбасының жағдайы қоғам назарын аударды. Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Журналистің айтуынша, Қарасай ауданының тұрғыны оған хабарласып, көмек сұраған. Оның сөзінше, көршісі жақында Қаскелең қаласындағы ауруханада төртінші баласын дүниеге әкелген. Алайда босану кезінде медицина қызметкерлері тарапынан заңсыз ақша талап етілгені жөнінде шағым түскен.

Осы деректі тексеру мақсатында отбасының үйіне барған кезде, мәселенің одан да күрделі екені анықталған.

"Алайда дәрігерлер көпбалалы анадан ақша талап еткен деген уәж айтылады. Осы мәселені анықтау үшін отбасының үйіне барғанда, жағдайдың бұдан да күрделі екені белгілі болды. Үйдің тұңғыш қызын өгей әкесі 13 жасында тұрмысқа берген көрінеді. Қыз мектепте 3-ақ сынып қана оқыған. Ал екінші қыз қатарластарынан 3 жылға қалып қойып, қазір 4-сыныпта оқып жүр. Негізі 7 сыныпта оқуы керек екен.

Бұл қыздың есімі – Фатима. Айтуынша, өгей әкесі оны 13 жасында 30 жасар жігітке тұрмысқа берген. Небәрі үш сыныптық білімі бар. Бұл отбасыда балалар мектепке уақытылы бармаған. Себебі әкелері бір партада ұл мен қыздың отыруын "харам" деп қабылдап, қыздарын мектепке бермеген. Күні кеше Фатиманың анасы төртінші баласын босанды. Ал әкелерінен хабар жоқ. Қыздардың айтуынша оның бір емес бірнеше отбасысы бар көрінеді", – деп жазды Руслан Өтепбай.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары