Танымал журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында Алматы облысында тұратын бір отбасының жағдайы туралы алаңдатарлық мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның жазуынша, Қарасай ауданының тұрғыны хабарласып, көмек сұраған.
Аталған азаматтың айтуынша, көршісі жақында Қаскелең қаласындағы ауруханада төртінші баласын дүниеге әкелген. Алайда босану кезінде дәрігерлер көпбалалы анадан ақша талап еткен деген уәж бар. Осы жайттың анық-қанығын білу үшін журналист отбасының үйіне арнайы барған. Сол кезде мәселенің тек медицина саласындағы жағдаймен шектелмейтіні, әлдеқайда күрделі екені белгілі болған.
Отбасындағы ахуал адам шошырлық. Үйдің тұңғыш қызы небәрі 13 жасында өгей әкесінің шешімімен тұрмысқа берілген. Қыздың мектепте бар болғаны үш-ақ сынып оқығаны анықталған.
Ал екінші қызы жасына сай білім алмаған. Ол қатарластарынан үш жылға қалып қойып, қазіргі таңда небәрі 4-сыныпта оқып жүр. Негізінде 7-сыныпта оқуы тиіс болған.
Екінші қыздың есімі – Фатима. Оның айтуынша, өгей әкесі өзін де 13 жасында 30 жастағы ер адамға тұрмысқа берген. Фатиманың да білімі – небәрі үш сынып. Жалпы, бұл отбасындағы балалардың мектепке уақытында бармауына әкенің діни көзқарасы себеп болған. Ол ұл мен қыздың бір партада отыруын «харам» санап, қыз балаларын білім ордасына жібермеген.
Жақында Фатиманың анасы төртінші баласын босанғанымен, отбасының әкесінен хабар жоқ. Қыздардың айтуынша, олардың өгей әкесінің «бір емес, бірнеше отбасысы бар» көрінеді. Бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырып, жауапты органдардың назарын талап ете