Абай облысына 4,4 трлн теңге инвестиция тартылмақ: Тоқаев Берік Уәлиге нақты тапсырмалар берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“3-4 әйелі бар ерлерге бас иемін”: Сәкен Майғазиев тоқал алуға қарсы емесін айтты

“3-4 әйелі бар ерлерге бас иемін”: Сәкен Майғазиев тоқал алуға қарсы емесін айтты
Фото: instagram.com/saken_maigaziyev

Желіде Сәкен Майғазиевтің екінші әйел туралы айтқан тағы бір сұхбаты тарады, деп хабарлайды kznews.kz sn.kz сілтеме жасап

Әнші тоқалдыққа қарсы емес екенін жеткізген.

"Екінші әйел алу туралы дұрыс пікірдемін. Егер бірінші әйелін құрметтеп, алақанында салып жас қыздарға емес, жесір қалған, тағдырдың тәлкегіне түскен әйелге және оның балаларына қамқор бола алатындай азамат болса, өз басым қолдаймын. Тіпті керек болса 3-4 әйелді алып әулет болып отырған ерлерге басымды иемін. Ал енді шаңырақты ортаға түсіріп, обалға қалуды қаламаймын. Біріншіден, Алла тағала өзі рұқсат берген, екіншіден, ол сүннет. Қазақтың санын көбейтсе, көрсеқызарлық болмаса өз басым қарсы емеспін", - дейді ол Жанар Айжановаға берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін де Сәкен Майғазиевтің екінші әйел алғысы келетіндігі туралы видео тараған еді. 

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.