Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтар қайтыс болды. Мәліметтерге қарағанда, дәрігерлер оның жүрегін үш рет қайта іске қосуға тырысқан. Алайда кеше кешкі сағат 21:00 шамасында Ербаянның жүрегі біржола тоқтаған, деп хабарлайды kznews.kz.
Ербаян Мұхтар 27 маусым күні 24 жасқа толуы тиіс еді.
Еске салсақ, Ербаян Мұхтар Ұлттық ұланның Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде борышын өтеген. 2023 жылдың желтоқсанында ол ауыр бас сүйек-ми жарақатын алып, комаға түскен. Әскери бөлім өкілдері туыстарына сарбаздың дәретханада құлап, басын еденге соғып алғанын айтқан. Алайда Ербаянның ата-анасы бұл нұсқамен келіспеген.
Сарбаз ұзақ уақыт комада жатып, кейін есін жиған. Ол Түркияда ем алып, оңалту курсынан өткен еді. Соңғы уақытта оның жағдайы қайта нашарлағаны хабарланған.